«Лай собак» (Сказка для казахов)

Страна называлась Собачьей потому, что с древних времен в этой красивой Стране столетиями жили славные, гордые и сильные собаки. Они дорожили этими землями, и защищая их от врагов, оставили своим потомкам.
В одном селе, что находился в Стране собак жил маленький, но смышленый щенок. За всю свою жизнь, он еще ни разу не выходил за пределы своего села. В детстве мать всегда ему рассказывала, что далеко от этих мест, в центре Страны собак есть большой, красивый город – их столица; что в столице есть Священный источник, выпить из которого должна была каждая собака для того, чтобы племя собак могло жить вечно. Вот он вырос, и отправился через всю страну в город-столицу испить воду из Священного источника.
В столице, кроме собак еще жили и другие гости-животные: полосатые кошки, лисы, белки, барсуки и даже крысы. Но больше всех было собак – хозяев Страны – и полосатых кошек. Все они жили мирно и дружно. Учились и работали вместе.
Прибыв в столицу, щенок заблудился, и стал подходить к стоявшим на улице городским собакам спросить местонахождение источника. Вежливо спросил: – Гав! Гав гав-гав?
Все услышали, как он лаял и все удивились! Вскоре возле щенка уже столпилась большая толпа собак и кошек. Все смотрели на него такими глазами, будто впервые видели такого щенка. Щенку стало не по себе, и он убежал прочь. За ним стали гнаться остальные зверьки. Но он успешно покинул это место и скрылся в большом магазине.
Щенок почти сразу забыл что за ним гналась толпа, и стал ходить по лавкам смотреть, что там продаётся. В магазине в основном продавались пятнистые шкуры и короткие хвосты шакалов, привезенные из-за границы. Щенка удивило то, что все собаки стоят в очереди, покупают и с удовольствием одевают шкуры шакалов! Покинул он магазин подавленный и встревоженный. По ночной улице он шел задумчиво сам не зная «куда?» На улице уже стемнело, и он остался ночевать на улице.
Наступило утро. Щенок торопливо искал Священный источник и бегал по улице. За углом услышал мяукающий голос кошек и повернул туда спросить. Но за углом были не кошки. Там стояли одни собаки. Щенок побоялся их чрезмерного любопытства и решил не гавкать. Продолжил путь дальше. И хотя на табличках были вывешены названия улиц и кварталов. Щенок никак не мог понять их потому, что они были написаны на неправильном собачьем языке: «Гва-гааф, гдв-кав, гвв-вга!»
Тогда щенок поймал такси и сказал таксисту, что ему надо срочно найти Священный источник. Пес сидевший за рулем тоже был очень удивлен. Он долго смотрел на щенка как на чудо-тварь. Щенку не понравился такой взгляд, и он спросил, почему пес так удивленно смотрит на него: – Гав, гав-гав? На что пес ответил не менее удивительным образом: – Мяу! О, чудо! Пес мяукает? Наивный щенок подумал, ему послышалось, и спросил еще раз. Но таксист еще раз ответил на его вопрос грубо: – Мяу!
Кое как он добрался до места, о котором рассказывала мать, и увидел стоящего у ворот строгую овчарку. Та не пропускала щенка внутрь. Щенок вопросительным взглядом смотрел на овчарку: Почему он не может попасть к Священному источнику? Ведь он же собака! Овчарка строго показывала на знак: «МЯУКАЙТЕ!». «Но, я же собака!» – подумал щенок. В то же время туда входили только элита общества – высокомерные собаки, лисы, крысы, шакалы – все хитро улыбались и мяукали. «Почему же все собаки стали мяукать?» недоумевал щенок. А ведь все началось задолго до этого…
В прошлом, собаки почему-то стеснялись своего происхождения и иногда мяукали между слов. Так они показывали другим свой высокий интеллект. Потом все меньше стали лаять и в основном мяукали, а еще позже вообще перестали лаять. Кто не хочет казаться интеллигентным и воспитанным? Они гордились тем, что у них дети совсем не умеют лаять. В конце концов в столице почти не осталось ни одной лающей собаки. Этого то и ждали коварные шакалы…
Щенок долго сидел не зная что делать, но он продолжал сидеть и ждать. Наступил вечер. Щенку очень хотелось пить. С наступлением темноты, овчарка, заперев вход к Священному источнику на замок и не спеша растворился в темноте. Щенок все ещё сидел там. Тихо, почти не гавкая, он плакал, но вскоре заснул.
Ночью проснулся от криков. По улицам бегали все. На столицу собак напали враги-шакалы! Щенок тоже стал бежать с остальными. В толпе вначале были все. Потом крысы укрылись в своих глубоких норах, лисы перебежали к врагам, кошки лазили на деревья. Собаки остались одни. Некоторые собаки в отчаянии совали свои морды в норы крыс. А некоторые оставались ждать врага, в надежде присоединится с ними. Но шакалы заживо съедали предателей, им они не были нужны. Им нужна была вся Страна! Многие собаки пытались залезть на дерево, ведь они прекрасно мяукали, почти совсем как кошки! Почему же они не могут лазать? Падая с веток, они разбивались насмерть. Оставшиеся в живых собаки молча продолжали отступать, оставляя свою столицу и Священный источник…
У щенка не оставалось сил. Он всеми силами пытался не попасть в пасть шакалов. А они неуклонно настигали. Щенку было очень страшно, и он хотел позвать на помощь свою мать, которая осталась в селе. Она, конечно, все равно не услышала бы, но наш герой был наивен и юн, и все же залаял: – Гав! Гав! Гав!
Гнавшийся за собаками шакалы, внезапно услышали в толпе отступающих собак негромкий лай. Все прислушивались. Да, это был лай. Лай собаки! Остановившись все разом, они думали, как быть дальше и с испугом смотрели в сторону собак.
Увидев, что погоня остановилась, собаки тоже остановились. Только наш герой продолжал лаять, а остальные пока молчали. Вскоре шакалы начали отступать. Они до смерти боялись лая собак. И чем громче лаял щенок, тем быстрее они бежали. Собаки быстро сообразили, почему шакалы отступают и стали лаять вместе. Их громкий лай привел ряды шакалов в смятение, и те запаниковав в ужасе бежали прижав свои короткие хвосты к нечистым задам. Собаки все вместе преследовали врагов до самих границ своей Страны, даже еще дальше! Так они победили вместе!
К утру, наш Щенок со всеми остальными собаками вернулся в столицу и первым делом стал пить воду из Священного источника. Убедившись, что все в порядке остальные жители города постепенно вылезли из своих убежищ. Собаки не стали их упрекать в трусости потому, что защищать Страну собак должны были защищать только сами собаки. Ведь другие пока совсем не умели лаять. Хотя маленький щенок залаял ища помощи и защиты, все благодарили его за храбрость, а он только сиял от счастья что смог помочь своим врожденным качеством, умением лаять которое никто, никогда у него не сможет отнять. Теперь то все понимали, что каждый должен любить свою мать и уважать язык, на котором говорили свои предки. С тех пор каждая собака, будь она простым дворником или высоко-дрессированным интеллигентом, стали говорить между собой только на своем родном языке. Как гласит старая мудрость, волчьего детёныша не превратишь в собаку. А собаку, тем более, невозможно превратить в кошку! Как ни старайся. Да и надо ли?!

Посвящается всем мяукающим собакам, которые забыли свой язык,
или же стесняются говорить на нем, живя в своей стране!

1 пікір

Filed under ТІЛ

АЙТМАТОВТЫҢ ҰЛЫ МАХАББАТЫ. М.ШАХАНОВ

Менің жастау кезімде жазылған шығармаларымның бірінде «Ғашықтықпен өткен күндер ғана – өмір, Ал қалғаны – жай күндер» деген жолдар бар еді. Енді бір жырым былай басталатын:
«Қадалған көз таларлық,
Жігер отын жанар ғып.
Эвереске шыққандардың тізімі
Саусақпенен санарлық.
Махаббат та шың сияқты:
Күн жақындап қасына,
Бұлт қонатын тасына,
Қыран тектес жандар ғана шыға алады басына.»
Ия, егер біз махаббатты Эверест шыңына теңесек, әлемдік деңгейде күні бүгінге дейін ол биікке көтерілген адамдар некен-саяқ. Біреулер ғаламат шыңның етегіне барып құлайды. Ортасына дейін, тіпті, одан да ары жылжитындар бар. Бірақ, адам баласы үшін сол таңғажайып шыңға шығуды мақсат тұтудың, солай қарай бет бұрудың өзі үлкен жетістік. Енді, біреулер үйленуді, ұрпақ өндіруді, өмір жолында бірлесіп қимылдауды махаббатқа балап жатады. Дұрыс. Әйтсе де, бұл махаббаттың жеке-жеке бөлшектері ғана.
Осыдан көп жыл бұрын мен Парижде, ЮНЕСКО-ның штаб пәтерінде жасаған баяндамамда демократияны да Эверест шыңына теңеп едім. Бәлкім, демократияны тым күрделендіріп жіберген шығармын. Өкінішке қарай, өзін демократиялық мемлекетпіз деп есептейтін елдердің көп-шілігінен демократияның исі де сезілмейді. Кейбір батыс мемлекеттері сияқты жалғыз заңмен, тіпті, оны мүлтіксіз орындаумен демократияның шырқау биігіне көтерілу де мүмкін емес. Демократияда да шынайы махаббат Эвересіне көтеріле алатындардың элементтері, яғни рухани сезім-сана биігінде бой теңестіретіндердің және «нағыз махаббат ұлы адамдарда, ұлы жүректерде ғана қанат қағады» деген идеяға сәйкес келетіндердің қасиеті, тым құрыса ұшқыны елес беруге тиіс. Біздің адасқақ ғасырымызда күллі әлемде тек қарын мүддесі ғана алға шықты. Адамды адами биікке көтеретін рухани құндылықтарымыз, сезім-сана парасатымыз қырықыншы, елуінші қатарға ысырылды. Тіпті «саясатпен, материалдық байлықпен, ғылыммен, кәсіпкерлікпен шұғылданатындар да адамгершілік, шы-найы достық, махаббат сезімдері аясында тәрбиеленуі керек-ау» деген ой үлкен билік басындағылардың санасына да кіріп шықпайтын секілді. Кейбір басшылар: «Алдымен – экономика, қалғанын кейін көре жатармыз» деген ұсқынсыз идеяға байланған. Сондықтан, алаяқтық, сатқындық, алдау, арбау алдыңғы қатардан бой көрсетті. Ең ғажабы, әлемдегі ел басшыларының едәуір бөлігі – алаяқтар. Міне, қазіргі жеткен жеріміз. Әр ел өзін демократ етіп көрсеткісі келгенімен, бүгінгі күнге дейін нағыз демократия биігіне көтерілген бір де бір мемлекет жоқ. Мұны өте ауыр сөз десек те, ащы шындық осы. Ал, бұл саланың да өз проблемасы, өз түсінігі, өз қасіреті өзіне жетерлік.
Жасыратыны жоқ, Айтматовқа арналған осы кітапта мен оның Бүбүсараға деген махаббатына тоқталмай-ақ қояйын деп шешкенмін. Себебі, бір кезде екеуміз бірлесіп жазған кітаптың «Біздің өміріміздегі әйелдер…» атты бөлімінде Шікең Бүбүсара туралы бұрын-соңды ешкімге тіс жарып көрмеген сырын ашқан еді. Бұған қоса қырғыз оқырмандары арасында әрқилы пікір тудырған Жәнібек Жанызақтың «Шыңғыс Айтматовтың әйелдері» деген кітабы да шыққан. 2009 жылы театр сыншысы, драматург Жаныш Құлмамбетов түсірген «Шыңғыс пен Бүбүсара» атты көркем фильмнің көшірмесін маған фильм авторлары табыс еткен болатын.
Сонымен, Шікең мен Бүбүсара арасындағы махаббатқа қайта оралуыма екі түрлі жағдай себеп болды. Шікең қаза болғаннан кейін 2008 жылдың аяғында Мұхтар Әбләзов үлкен кәсіпкерлердің арасында өте сирек кездесетін мінез көрсетіп, Айтматовтың орыс тіліндегі 8 томдық шығармаларын ерекше әдіптеп, сыртына арнайы қорап жасап, 9 мың 500 дана етіп шығарыпты. Әрине, бүгінгі кезең үшін бұл үлкен таралым. Кітап қазір Қазақстанда, Қырғызстанда және Ресейде сатылып жатыр екен. Дара қаламгердің шығармалар жинағына екеуміз бірлесіп жазған «Құз басындағы аңшының зары» («Ғасыр айрығындағы сырласу») атты эсселер жинағы мен «Сократты ескеру түні» деген драма да кіргізіліпті. Кейінгі жылдары Шікең екеуміз драмаға едәуір өзгеріс енгізгеміз. Неге екенін қайдам, маған ешкім хабарласқан жоқ. Жинақтан драманың соңғы нұсқасы емес, алғашқы нұсқасы орын алыпты. Ең масқарасы кейін белгілі болды. «Құз басындағы аңшының зарындағы» «Біздің өміріміздегі әйелдер…» атты бөлімдегі Айтматовтың Бүбүсара Бейшенәлиева туралы толғаныстары түгелге жуық алынып тасталыпты. Мұндай қиянатқа кімнің қолы барды екен? Менің де Бүбүсара туралы пікірлерім қырқылыпты. Бұл жайында өз атыма Бішкектен, Астанадан және Жамбылдан келіп түскен оқырман хаттары арқылы ғана білдім. Жақында Өскемен қаласынан жолданған бір хат шымбайыма қатты батты: «Құз басындағы аңшының зары» Айтматовтың жеке шығармалар жинағына енсе де, екеуіңізге бірдей ортақ туынды. Жаны жәннәтта болғыр аға-досыңыз о дүниелік болып кетті. Енді ол шығарманың бірден-бір авторы сізсіз. Ендеше жинақтан оның ұлы махаббаты – Бүбүсара туралы жан тебірентер сырларын алдырып тастағаныңыз қалай?» деп өкпе айтыпты. Мен кітап сыртына жазылған «АО БТА Банк» дегенге хабарласып едім: «Әбләзов шетелге кетіп қалғандықтан баспа жұмыс істемейді» деген жауап алдым. Шығарманы кім қысқартты? Әлде, Айтматовқа туыс адамдардың бірі баспаға әсер етті ме? Бұл жағы маған әлі күнге дейін беймәлім.
Бүбүсара тақырыбына қайта оралуыма екінші себеп Бішкек қаласынан келген хат. Хат авторы Бермет Мамбеталиева Бүбүсара Бейшенәлиева туралы, ұлы актрисаның Шыңғыс Айтматовқа деген кәусар махаббаты, және ұлы қаламгердің оған жазған хаттары жайлы жұрттың көбі біле бермейтін тың деректерге құрылған «Жоғалмаған хаттар немесе Дзержинскідегі әңгімелер» атты кітабын жолдапты.
Кітаптағы басты кейіпкер Эльмира Абдығұлова Бүбүсара Бейшеналиевадан 26 жас кіші болса да, бірте-бірте екеуінің арасында өзгеше достық сезім қалыптасады. Үйлері де көрші тұрғандықтан бір-бірімен күн сайын жолығуды дәстүрге айналдырып алады. Эльмираның әкесі Медербек Абдығұлов Қырғыз елінде жауапты қызмет атқарған, КСРО Жоғарғы Кеңесіне де депутат болып сайланған, әдебиетке де, өнерге де бейімі бар, көне грек, үнді, Египет, Қытай философиясын жетік меңгерген, тіпті бір кезде Қырғызстан Компартиясының бірінші хатшысы болған Исхак Разақовпен де жақсы араласқан адам екен. Тіпті КОКП Орталық комитетінің бас хатшысы Н.С.Хрущев Қырғыз еліне сапары кезінде Абдығұловтың үйінде қонақта болыпты. Эльмираның анасы Бүрмакан да Бүбүсараға үлкен құрметпен қарайтын және қызы мен ұлы актрисаның арасындағы туыстықтан да жоғары деңгейде қалыптасқан рухтастық, достық байланысты ардақ тұтумен өтеді. Бар- жоғы 47 жыл ғұмыр кешкен Бүбүсара жазылмас ауруға ұшырап, ұзақ уақыт Мәскеудегі Кунцево ауруханасында жатқанда да, Эльмира анасындай, ең жақын құрбысындай болып кеткен Бүбүсара ежесінің қасында үш ай жүреді. Бүбүсара өзінің қимас естеліктерін, Шыңғыс Айтматовтың өзіне жолдаған хаттарын да осы Эльмираға қалдырып кетіпті. Бүбүсара мен Эльмираның арасында әйелдер қауымында өте сирек ұшырасатын дара достық орнағанын кезінде маған Шыңғыс Айтматов та айтып еді. Бірақ, Қырғызстанда жүргенімде Эльмирамен жолығудың бір сәті түспеген-ді.
Міне, Бермет Мамбеталиеваның көркем-публицистикалық кітабы түгелдей осы Эльмира Абдығұловамен сырласуға құрылыпты. Егер, тірі болғанда Бүбүсара Бейшеналиева биылғы жылы, яғни 2011 жылдың 17 мамырында 85 жасқа толар екен. Сүйіктісінің өзінен екі жарым жас үлкен болғанын кезінде Айтматов та айтып еді.
«Нағыз махаббат ұлы адамдарда, ұлы жүректерде ғана қанат қағады» деген идеяға бір сәт бой алдырып, екі тұлғаның махаббат Эвересіне қалай көтерілгенін талдап көрелік. Ш.Айтматовтың 8 томдық шығармалар жинағынан әлдекімдер қысқартып жіберген, Айтматов екеуміздің арамызда бұдан 16 жыл бұрын өрбіген Бүбүсара туралы әңгімені қайтадан ой елегінен өткізе отырып, махаббат туралы айтылған пікірлерімізден де үзінді келтіре кеткенді жөн санадым:
ШАХАНОВ. …Сізге іні болып, қатар жүрген ұзақ жылдар ішінде ішкі сезімдеріңіз жайында бір ауыз тіс жарып, әңгіме қозғап көрмеппін. Енді, жан дүниеңізді толқытқан, талай таңды дөңбекшумен атыруға себепші болған асыл сезімдеріңіз жайында сыр суыртпақтасам – айып етпессіз?
АЙТМАТОВ. Әр адамның өз пешенесіне жазылған тағдыры бар. Мынау ғалам қандай шексіз болса, ол да сондай шек-шетсіз, құпиялы да күрделі. Әркім өзінің өмір жолында бұйырған адамына жолығады. Бірігіп, әрқайсысы өз түсінігіндегі бақытын іздеуге аттанады.
Қазірде естелікке айналса да, ойыңа түскенде, көкірегіңді шым еткізетін қимас сәттер біздің бастан да өткен. Жасыратыны жоқ, студент кезде, жастық шақта би алаңында, той-томалақта талай қызбен танысқан болармыз. Ең бір тәтті сөздерді тізбелеп хат жазған, хат алған күндер де бастан өтті. Есіміңді шетіне әдемі жіптермен өрнектеп жазған сұлулар сыйлаған орамалдың қаншасын қалтаға салдық екен?! Күлесің, соған қарағанда сенің де қалтаңа талай орамал түскен-ау, шамасы…
Бірақ бәрі жанды да, өшті. Гүл басына көбелектің қонып-ұшқаны сынды қас қағым сәт. Олар маған пәлендей әсер ете алған жоқ.
Солардың ішінде өзінің жанымен де, тәнімен де, бүкіл бітім-болмысымен еркімді билеген бір сәулелі махаббат есімде қалып қойды. Әдейі іздеп кездескеніміз жоқ. Кездейсоқ табыстық… Сол кездейсоқтық мен үшін барша мақсаттан да биік, жоғары еді. Ол – қырғыз өнерінің маңдайына біткен атақты бишісі Бүбүсара Бейшеналиева болатын…
Әлі күнге түсіме еніп, елесімен жебейтін, көңілімді еліктіріп, өткен күндерге қиялмен болса да оралтатын сол қымбат бейнемен қалай кездескенім қазірге дейін көз алдымда. 50-жылдардың соңы. Мәскеуде оқу бітіріп, шығармаларым орталық баспасөзде жарияланып, ел аузына еркін ілінген шағым. Балтық флотында әскери қызмет етіп жүрген қырғыз жігіттеріне шефтік көмек көрсетейік деген оймен делегация жасақталды. Фрунзе қалалық партия комитетінің сол кездегі бірінші хатшысы Тұрдахун Усубалиев шақырып алып, делегацияның құрамымен бірге Ленинградқа жүр, теңізшілерге сый-сияпатымызды көрсетіп қайтайық деген соң, қоса аттанып кеттім.
Қырғыздың «Шолпон» деген классикалық балеті бар еді. Біздің алдымызда олардың да Балтық бойына сапар шегіп, Ленинград балетімен бірге фильмге түсіп жатқан тұсы екен. Небір ыстық жүздесулер өткіздік. «Шолпон» балетінде басты рөлді орындап жүрген Бүбүсара Бейшеналиевамен сол жерде алғаш рет кездестім. Мұны тағдырдың жазуы екенін кейін ұғындым. Жанымда екі-үш матрос бар, моторлы қайықпен «Аврора» крейсеріне жақындап келгенімде, біздің делегация палубада тұр екен. Орталарында ақша жүзі қуаныштан гүл-гүл жайнаған, сұңғақ та сымбатты Бүбүсара. Шашын теңіздің майда самалы еркелете тарап, бізге қол бұлғады. Бұрын бір-бірімізді сырттай білгенмен, онша таныс емес едік. Тез сырласып кеттік. Тіпті, тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Сезіміміз от секілді тұтанды десем, сенбессің. Осы кезге дейін кездеспей қалай жүрдік екен деп таңғалыстық.
Айналамдағы адамдар да, тіпті сайраған құс та, сыбдырлаған жапырақ та, теңіздің шулаған толқындары да көзіме басқаша көрінеді. Дүние бұрынғысынан шырайланып, құлпырып сала берді…
Ленинградтың ақ түндеріне шомылып, Нева бойлап қыдырған, армансыз сырласқан сол сәттер-ай! Елде қалған жеңгең мен екі бала да естен шыққандай, ғажайып бір сал дәуренді бастан өткердік.
Сапар мерзімі біткен соң, делегация мүшелері елге жүріп кетті. Өзімнің кеткім жоқ, бөгеле бердім. Жүрегімнің жартысын Нева жағалауына қалдырып бара жатқан тәріздімін. Ақыры Мәскеуде жұмысым бар, пойызбен қайтамын деп сылтауратып, Ленинградта қалып, Мәскеуге екі-үш күннен соң аттандым. Іле-шала алып-ұшып Бүбүсара да жетті. «Москва» қонақ үйінде бір күн, бір түн, екеуден екеу оңаша қалып, небір рухани түйсік табу, ыстық сырласу сәттерін бастан кештік. Қайта-қайта қоштасып, бір-бірімізді қия алмай, ақыры жұп жазбаған қалпымызда Бүбүсараны электричкамен Ленинградқа апарып салдым. Орыс орманының көк шалғынды даласын көктей өтіп зулаған «Стреланың» үстінде тербеліп кетіп бара жатқан сол бір қайта айналып келмес шақтар есімнен әлі күнге дейін бір сәт көмескіленген емес… Ленинградқа келген соң, Бүбүсара мені кері – Мәскеуге дейін шығарып саламын деп еді, өзім өтініш жасап, әрең тоқтаттым.
Осыдан бастап, Бүбүсара қайтыс болғанға дейін он төрт жыл бойы алаулаған жүрек жалыны бір сәтке де бәсеңдеген жоқ. Өсек-аяңның өрті де осы жылдары бізді аямай шарпыды…
Бүбүсара Ленинградта оқып, білім алған, театр, кино мен әдебиетке келгенде ерекше зерек, парасат иесі еді. Мінезі мен көркіне өнері жарасқан біртума тұлғаның менің өмірім мен шығармашылығыма тигізген әсерін айтып жеткізу қиын.
«Мың бір түннің» хикаясындай екеуінің ғашықтығын естімей қалған ешкім жоқ, ендеше не себепті қосылмады деген сауал туар. Мен емеурін танытсам, Бүбүсара ылғи да әңгіме бетін аулаққа бұрып, кешеуілдете беретін. Кездейсоқтық дегенді қойсаңызшы, екеуміздің де жаңадан алған пәтеріміз бір үйдің көрші подъезі болып шықты. Оңаша бір отырып сырласқанымызда, Бүбүсара:
– Ачинов (фамилиям мен атымның алғашқы әріптерінен құрап алған есімі), ойыңды оқып отырмын, – деп наздана күлімсірегенімен, жүзінде кіреуке мұң тұрды. – Шын ғашықтар қосылмайды деген бар ғой. Бәлкім, сол дұрыс та шығар, – деді енді ол ойлы кейіпке түсіп. – Өйткені, үйленгеннен кейінгі тірліктің күйбеңі ұлы сезімдерді жеп қояды. Махаббатымызды некеге байлап қайтеміз.
Жұбайлық өмірді қай әйел аңсамайды дейсің. Кейін аңғарсам, бұл Бүбүсараның менің шығармашылығыма кесірім тимесін деген тілекпен істеген әрекеті екен. Ол кезді өзің білесің, әйелімен ажырасқан адамды моральдық жағынан азды деген желеумен лезде есекке теріс мінгізіп жіберетін еді ғой.
ШАХАНОВ. Иә, ондай науқан біздің қазақта да өріс алған. Классик қаламгер Ғабит Мүсірепов, даңқты батыр, жазушы Бауыржан Момышұлы, әйгілі әнші Ермек Серкебаев отбасын қайта құрғаны үшін айыпталып, фельетонның кейіпкеріне айналып, небір құқайды бастан кешкен.
АЙТМАТОВ. Не десек те, Бүбүсара менің жұлдызымның қашанда биіктен жана беруін ойлап, өзінің жеке бақытынан бас тартқан екен. Сабыр-ақылдың, сезім-жүректің иесі. Бір-біріне бағына бермейтін осы екі қасиетті ортақ мақсатқа жүгіндіріп, сырттай өзі сүйген адамға тілекші боп қалу – үлкен адамгершіліктің қолынан ғана келер іс.
Бір жолы Бүбүсара екеуміз ұшаққа мінбей, Мәскеуден Фрунзеге «Мәскеу-Алматы» жүрдек пойызымен қайттық. Екі адамдық оңаша, жайлы купе. Әдеттегідей ешкім телефон соғып, не есік қоңырауын қағып, мазаламайды. Барша әлемнен бөлектенген қалпы үш күн, үш түн қатарынан айтып тауыса алмас ертегідей ғажап дәурен кештік.
Япырай, сондағы біздің сан салалы әңгімелеріміз, суыртпақтап жүректің терең түкпірінен тартқан, бұрын жан баласына тіс жарып, ашып көрмеген сырларымыз, өмірдің мәңгілігі мен баянсыздығы туралы, әдебиет пен өнердің күрделі қасиет-мінезі жайлы пікірлеріміз қандай жымдасып, бір-бірін толықтырып, жанымызды рақат сезімге бөлеп еді. Өзіңе ойы, рухы, мінез-сана табиғаты, жан кеңістігі сай адам табудан артық бақыт жоқ екенін сол жолы тұңғыш рет өз жүрегіммен сезініп едім.
- Ғасырға бергісіз күн болады. Ендеше, бұл – менің өмірімдегі ең бақытты күнім! – деді Бүбүсара да толқып. Өзара шексіз түсінік тапқан көңіл-күйімізді пойыз доңғалақтары да тынымсыз құптап, тастаққа салған жорғадай жұлқына дүрсіл қағады. Ауық-ауық терезеге үңіліп, табиғатты тамашалаймыз. Соңымызда орыстың жасыл ормандары қол бұлғап, қазақтың пейіліндей кең жазық даласы жарысып қалар емес. Арал қаласына келіп тоқтағанда, вагоннан шығып, таза ауа жұттық. Теңіздің ол жылдары арнасы тартылмаған, айдыны толы шағы. Ерке толқындары күнге шағылысып, жарқ-жұрқ етеді. Одан бері Қызылорда, Арыс, Шымкент, Түлкібас…
Есіңде ме, бірде екеуміз сенің мәшинеңмен Ташкенттен Бішкекке келе жаттық. Күн ұясына қызарып батып, айнала шымқай қызамық сәулеге малынып тұрған әсерлі шақ еді. Түлкібасқа жақындағанда қапталдаса жарысып жүрген темір жол биік қырды жағалап, үлкен доға жасап бұрылады. Көктемде, жазда бұл ара ерекше құлпырып, жайнап, өзгеше сипат алады. Мен сенен машинаны тоқтатуды өтініп, сыртқа шықтым. О, керемет, бұдан 25 жыл бұрынғыдай биік қырды жиектеп, Алматыға қарай пойыз кетіп барады. Қыста биіктен құлаған көшкін қар темір жолды басып қалмасын деп, қыр жағалай қойылған екі-үш қатар темір шарбақтар да өзгеріссіз тұрғандай. Жүрегім шым ете қалды. Баяғыда нақ сол арадан өткенде Бүбүсараның ерекше бір қуанышқа бөленіп, қазақтың сан түрлі ұлы табиғатының әсем бір бөлшегіне шексіз риза болған сәті есіме түсіп, көңілім толқыды.
Бүбүсарамен бірге жүрген қаншама жыл ішінде талай қалалардың мәдениет ошақтарында болып, тарихи жерлерін араладық екен? Немесе, бір ғана Бішкек қаласын алайық. Кейбір үйлердің тұсынан, көше қиылысынан, белгілі мәдениет орындарының алдынан өткенде дәл сол арада қандай әңгіме айтқанымыз, күлгеніміз, қуанғанымыз, мұңайғанымыз – бәр-бәрісі үтір-нүктесіне дейін есіме сап ете қалады. Өткенде екеуміз Қырғыз мемлекеттік Опера және балет театрына бір жиынға бармадық па? Жұрт назары басқада. Мен өз ойыммен әлекпін. Бүбүсараның өнердегі ешкім қайталай алмас асау, ерке дарыны осы театрдың сахнасынан қанат қақты ғой. Бүбүсараға қатысты талай оқиғалар бірінен соң бірі кимелеп, көз алдымнан кино таспасындай өтіп жатты. Сахнаға қарасам, нақ қазір аппақ аққу бейнесінде соншама ұзақ жылдар бойы қиял-ойымды тұтқындаған іңкәр сұлу мүсін шыға келіп, билеп ала жөнелетіндей. Жалпы, мен Бүбүсара рухының көнермес, өзгермес, тірі, бірақ құпия естелігі сияқтымын.
Ол бір сапардан ауырдым деп оралған. Артынша омыраудан түскен қатерлі ісік диагнозымен Кунцево ауруханасында жатты. Бір жарым жыл қатты қиналды. Айтудың өзі оңай емес… Кунцевоның аумағына арнайы рұқсат қағазбен кіргізетін. Бүбүсарамен бір палатада дәл сондай дертке шалдыққан Кеңестер Одағының халық әртісі Ольга Андровская да жатты. Менің алғашқы повестерімді өзінің «Новый мир» журналына басып, ақ жол тілеген, иманы салауат болғыр Александр Твардовский де осы қатерлі ісіктің тұзағына қармалған екен. Әр барған сайын көңілін сұрап тұрдым. Жүдеп, шаршап қалыпты. Артынша о дүниелік боп кетті.
Бүбүсара бірте-бірте семе берді. Орнынан көтерілуге де әлі жетпеді. Әдемі жүзі суалып, аялы да мейірімді көздерінің оты сөніп, шүңірек тартқан. Оның бұл фәнилік еместігін алғаш сезінгенімде, көз алдымда дүние шыр айналып, басайын десем, аяғым жерді таба алмай қалды. Ақыры жүріп-тұруының өзі күшке айналған соң, Бүбүсараны Фрунзе ауруханасына ауыстырды. Жұмыста да дегбір тауып отыра алмай, әлсін-әлсін аурухананы төңіректеймін. Тағдырдың қатал үкіміне іштей мойынсұнып жатқанымен, мен кіріп келгенде, Бүбүсараның суалған жанарында қуаныш ұшқыны жарқ ете қалушы еді. Бәлкім, бұл жанын жегідей жеген ауыр дертті маған сездіргісі келмегені, яғни мені қиналмасын дегендегісі болар.
Ақыры, 1973 жылы 11 мамыр күні Бүбүсара мәңгілік көз жұмды.
ШАХАНОВ. Опера және балет театрындағы азалы жиында, марқұммен қоштасу сәтінде сізді ағыл-тегіл жылады дейді көргендер. Тіпті шыдамы таусылған сол кездегі республиканың бір басшысы: «Ана қасқаны біреуің барып қойдырсаңдаршы!» – деп айналасындағыларға жекіген екен. Тіпті қырық жыл отасқан әйелі өлсе де, көзінен тамшы жас шықпайтын әлдекімдерге, бәлкім, сіздің бұл қылығыңыз тосын көрінген шығар. Тоталитарлық жүйенің тұсында атақ-абыройыңыз, отбасыңыз, қызметіңіз, партбилетіңіз бар сізге осының бәрін аттап өтіп, бар жан дүниеңізбен құлай қайғыруға және оны ешкімнен жасырып, жаппауға итермелеген оңай сезім емес екені айдан анық.
Өзара сырласу үстінде қырғыздың заңғар ақыны Сүйінбай Эралиевтің осы оқиға төңірегінде былай дегені есімде қалыпты.
«Бүбүсара – көркіне ақыл-парасаты сай, қырғыз қызына тән мінездер тал бойынан түгел көрініс берген аяулы жан еді. Кезінде басқа ақындармен қатар, мен де оған өлең арнағанмын. Оның қазасы бүкіл қырғыз ұлтының қабырғасын қайыстырды. Әдебиет пен өнер қайраткерлері ортасында жалт еткен жанар оты назардан тыс қалған ба? Шыңғыс екеуінің арасында ұзақ жылдардан келе жатқан үлкен махаббатқа тамыр жіберген таза сезім барын сырттай естіп жүретінбіз. Бүбүсараны соңғы сапарға шығарып салар қаралы жиынға Шыңғыс екі көзі бұлаудай боп ісіп, бастан-аяқ қара киім киініп келді. Кейбіреулер оның бұл қылығын оғаш санап, «әйелі, бала-шағасы бар, мұнысы несі» десіп, өсектің қызыл шоғын көсеп жатты. Ал, өз басым: «Айналайын, Шыңғыс әдебиетте қандай ұлы болса, махаббатын жерге берерде де сондай ұлы, жігіттік мінез танытты деп, марқайып тұрдым».
АЙТМАТОВ. Сүйекеңнің көңіліне рақмет. Иә, Бүбүсарадан айырылу – мен үшін жарты тағдырымды жоғалту екенін өзге жұрт қайдан ұқсын…
ШАХАНОВ. «Манас» эпосының 1000 жылдық тойы қарсаңында қырғыз мүсін өнерінің майталман шебері Тұрғынбай Садықовтың Бішкек қаласының әсем бір алаңына орнатқан «Ел құты» атты алып монументі салтанатпен ашылды. Бұл – күллі қырғыз халқының өміріне, өнеріне, әдебиеті мен ғылымына ересен еңбегі сіңген, ел тәуелсіздігі жолында күш-жігерін сарп еткен үлкен тұлғаларды қыранның қос қанатына қондырып бейнелеген, көрген жанның санасында қалар ғажайып ескерткіш.
Сол қыран қанатының бір жақ бетінде ой теңізін кешіп Сіз тұрсыз да, ал, екінші бетінде өнер аспанында аққудай қалықтап өткен Бүбүсара Бейшеналиеваның сұлу мүсіні…
Кездейсоқтық па, әлде мүсінші қиялының жемісі ме, тірлікте тағдырын бір-біріне жалғай алмаған қос адам бұл жолы да қатар тұра алмай, өздері шексіз сүйген қырғыздың ұлы тауларына, даласы мен көліне екі беткейден көз салады…
Республика мәдени өмірінде зор оқиға болған ескерткіштің ашылу салтанатында қасыңызда тұрдым. Байқағаным, жез мүсінді көзіңізбен аялап, тілсіз тебіреніп, ұзақ бөгеліп қалдыңыз…
АЙТМАТОВ. Бүбүсара дүниеден озған соң, көп өтпей, Италиядан шақырту алдым. Түн ішінде кемемен Сицилияға беттедік. Ашық теңіздің үсті. Ай сүттей жарық, майда самал еседі. Алыста түрлі-түсті жарқ-жұрқ еткен шамдар. Осы сәтте Бүбүсара екеуміз жақсы көретін бір музыка ойнап қоя берді. Толқынмен бірге тербеліп келе жатқан кеме үстіндегі жас та, жасамыс та әлгі әуеннің ырғағымен билей жөнелді. Көз жасыма ерік бере алмай, палубаға сүйенген күйі, сұлқ тұрып қалдым…
Теңіз, түн, ай, елсіз аралдар және көңілдің түнгі жалғыздығы.
Қазірде де сол музыканы естісем болды, Бүбүсара есіме түсіп, өз-өзімнен толқып кетемін. Оны саған түсіндіруге тіл құдіретім жетпейді.
«Кассандра таңбасы» атты романымның қаһарманы делегация құрамында Жапонияда болғанда түнде кемеде жүзіп келе жатады – онда да әлгі сурет, әлгі өткенді еске түсіру, жапон музыкасының әуендері ұйытқы болған күйзелістер. Сол көрініс Италия сапарымда өз басымнан кешкен, Бүбүсараны жоқтап, жалғыздықтың құрсауына қамалғандағы мұңды суреттер еді.
ШАХАНОВ. Бірде Расул Ғамзатов екеуміз Кремльде өткен бір жиналыстан шығып, «Москва» қонақ үйіне келе жаттық.
- Тәңірім-ау, осы Сіз кәдімгі Расул Ғамзатов емессіз бе? – деген әйел даусы саңқ ете түсті. Жалт қарасақ, орыстың мінсіз сұлу жас келіншегі бізге қарап, сілейіп тұр екен. Жанында кішкене баласы бар, жүзінде таңданыс пен қуаныш сезімі кезек шарпысады. Сәлден кейін сонадай жерде кезекте тұрғандарға қарап:
- Петя! – деп айқай салды. – Тез жет! Біздің кімді кездестіріп тұрғанымызды көр…
Арсалаңдап Петясы да жетіп келді. Ұзын бойлы, ашаң жүзді жігіт екен.
– Сіздің өлеңдеріңізбен мені алғаш таныстыр-ған мына Петя, – деп, келіншек енді ғана еркін ес жиғандай, қасындағы күйеуін нұсқады. – Кездескен сайын, махаббат жайлы кереметтей сырлы, ойнақы, назды өлендерді оқиды. Мен ол жырларды мұның өзі шығарған екен, болашақта ақынның жары атанатын болдым деп, іштей марқаюшы ем. Кейін сұрасам, жатқа айтып жүргендерім – Расул Ғамзатовтың өлеңдері деп қарап тұр… Не керек, Сіз біздің тағдырымызға ерекше әсер еттіңіз. Осындай жүректі жаулаған өлендеріңіз болмағанда, қайдам… Сол үшін Сізге ғұмыр бақи қарыздармыз. Өзіңізді бір көрсек-ау, рахметімізді айтып, қолдан келгенше құрмет көрсетсек-ау деп армандаушы едік…
Расул аға сағатына қарай бастап еді:
- Тым болмаса, екі-үш минут уақытыңызды қиыңызшы! – деп, олар екеумізді шетке алып шықты.
Сөйтті де, әйел:

- Где же ты, счастье, где светлый твой лик?
- Я на вершинах, куда не всходил ты!
- Где же ты, счастье? Вершин я достиг.
- В реках, в которых не плыл ты!
- Где ты? Я тысячу рек переплыл.
-В песнях, которые завтра ты сложишь!
-Где ты? Я песню тебе посвятил.
-Я впереди! Догони, если можешь!

Оны күйеуі жалма-жан іліп әкетіп:

Кругом говорят, я в любви тороват.
Кругом говорят, погулял я немало.
С одной, говорят, и с другой, говорят,
Грешил, говорят, добавляют: «Бывало!».
Не верь, не грешил я, грешить не умел.
С тех пор как я помню себя, дорогая,
Тебя лишь одну я любил и желал,
Хоть так и не знаю, кто ты такая.

Расул жас жұбайларға разышылығын білдіре беріп еді, сақал-мұртына көптен ұстара тимеген бір мастың келе киліккені:
- Махаббат жоқ! – деп даурығып, төсін ұрды. – Кезінде мен де сүйгенмін. Бірақ, ғашығым оп-оңай сатып кетті. Махаббат деп көкитініміздің бәрі де бос былшыл.
Онымен қоймай, Расул ағаның жағасына жармасқысы кеп, қолын ербеңдетті.
Петя қарулы жігіт екен, әлгі дауасызды бір шетке оп-оңай ығыстырып жіберді.
- Рахмет! – деп жымиды келіншек қоштасарда Расулға. – Махаббат пен күнделікті күйбең, сұрықсыз тірліктің арасы бір-ақ қадам екенін айтып, арамызда жүргеніңіз үшін Сізге мәңгілік қарыздармыз!
Қонақ үйге кіре бергенімізде:
- Көрдің бе, махаббаттың қарама-қарсы екі полюсімен бір жерде қатар кездестік, – деп әзілдеді Расул…
…Жастау кезімде бір қыздың күнделігінен мынадай жазуды оқығаным бар.
«Егер, өзіңді қадір тұтқан еркек бірте-бірте саған деген ықыласын суытса, кінәнің бір шеті өзіңде екенін ұмытпа!»
Шын мәніндегі әйел болу – үлкен өнер. Өнер ғана емес, жай көзге, жай талғамға шегі-шеті көріне бермес ғылым. Өзің ғашық болған, сенім артқан еркектің қайғы-қуанышын, жеңілісін, жеңісін, мандайдағы бағы мен сорын бөлісуден бөлек те әр әйелдің жеке – жетінші түйсігімен сезінетін міндеттері бар. Ол қай міндет? Сүйе білу бар да, сүйдіре білу бар. Сыйлай білу бар да, сыйлата білу бар. Кейде әйелдер тарапынан мынадай өкпе жиі айтылады: «Мен оны жанымдай сүйем. Неге ол маған сол сезімімнің деңгейінде жауап қайырмайды?»
Әйел боп жаратылдың екен – тағдырыңа алғыс айт. Яғни, сен еркектен нәзіктігіңмен, биязылы-ғыңмен, мейірімділігіңмен, сезімталдығыңмен, кешірімділігіңмен, тіпті, оған қарағанда, әлдеқайда әлсіздігіңмен ерекшеленесің. Әрі бұл кемшілігің емес, жетістігің боп есептеледі. Еркек қауымы қашанда алғашқы жолды әйелге береді, әйелді қолдап, қорғауды өзіне жазылмаған, бірақ, орындауға тиісті заң ретінде қабылдайды. Сондықтан да, әйел болып, сұлу болмауға, адамзат қоғамының елегінен өткен рухани байлықты, өзің туылған халықтың салт-санасын, дәстүрін, парасатын бойға сіңірмеуге хақың жоқ. Сенің жүргенің, тұрғаның, күлгенің, әзілдегенің, ойланғаның, қуанғаның, мұңайғаның, қайғырғаның, киім киісің, жақын адамдарыңмен, елмен қарым-қатынасың – бәр-бәрісінде, тіпті, шектен шыға ашуланғаныңның өзінде ұлттық, әйелдік мәдениетке тамыр жіберген сұлулық, нәзіктік жатуы шарт. Өзіңе ғашық адамның ықыласын, құрметін, сағынышын төмендетпей ұстап тұруың үшін ылғи да ізденіс үстінде жүруің қажет. Яғни, шын мәніндегі әйел дәрежесіне көтерілу – айтуға ғана оңай, әйтпесе азапты шаруа. Бірақ, сол азапты ізденістен ғана бақытқа бастар жол шығуы мүмкін. Өйткені әрбір іс-әрекетіңнің жаңғырығы бар. Міне, нағыз әйел болудың қиындығы. Әйтпесе, қыздың киімін киіп, сырғасын, түрлі әшекейін тағынып, терең тамырлы тіршіліктің мән-мазмұнына, ең әрісі қарапайым әйел табиғатының кейбір көзге ұрып тұрған ерекшеліктеріне бас ауыртқысы келмейтіндер аз ба? Тіпті, бала-шағалы болуға да пәлендей ақыл керек емес. Өзінен гөрі өзгені кінәлауға бейім тұратындар, әдетте, осы тектес төмен етектілердің ішінен шығады.
Бірақ, Құдайға шүкір, ұлы әйелдер бар. Олардың көпшілігі, өкінішке қарай, алтын мен мысты ажырата білмейтіндерге тап боп жатады.
Бірде екеуара әңгіме үстінде Евгений Евтушенконың маған: – Мұхтар, меніңше, әйелдер еркектерге қарағанда махаббатқа әлдеқайда тұрақтылау. Олар шындап сүймесін де, сүйсе бітті, дүние төңкеріліп кетсе де, ештеңенің бет-жүзіне қарамайды. Ал, біздер – еркектер өмір сүрген ортамыздың көзқарасына көбірек жалтақтаймыз, ойланамыз, қоғамның аңысын аңдаймыз. Қайтсе де үлкен махаббатқа деген адалдық, әрине, пайыздық жағынан алар болсақ, нәзік жыныстарда басым, – деп сыр айтқаны бар-ды.
АЙТМАТОВ. Оның бұл пікіріне мен де қосыламын.
ШАХАНОВ. Ендеше, мен де жоғарыда айтқан ойымды өлеңмен дәлелдеуге тырысайын:

…Бәрі бітті.
Құлайды арман дауыл жыққан қайыңша,
Ел күлмей ме, ессіз үрей ықпалына бой ұрса?!
Өзін-өзі өлтіруге тиісті еді Транзей
Сол кездегі әміршінің қатал заңы бойынша.
«Мені айналып өте алмайтын кезеңге
тап болдың ба?»
Дегендей-ақ жарқ-жұрқ етіп қанжар
жатты алдында.
«Қайсар Рим заңы солай,
Көзіңді енді құрт, батыр!» –
Деген сөзді оймен айтып,
біраз адам сыртта тұр.
Бөлме дел-сал.
Жүріп жатыр өмір, өлім таласы,
Ал қанжарға қол бармайды,
Бұл азапқа қарашы.
Гүлзар тірлік қимастықпен
жымиғанда қиылып,
Ең бастапқы қатқыл ойы
бірте-бірте сұйылып,
Дір-дір етіп, дегбірі ұшып,
қалшылдады бейшара,
Намысына тірек етер ерлік таппай күйініп.
Осы сәтте кіріп келді Аррия,
Ақша қардай аппақ көйлек киініп,
Жанарынан жан тербетер
назды сәуле құйылып.
Асқақ ұстап, сұңғақ бойын сымбатты,
Транзейге әйел былай тіл қатты:
«Құдай саған еркек деген ат берді,
Дәулет берді,
Атақ берді,
Бақ берді.
Шараң қанша, енді соның бәрімен,
Қоштасатын шақ келді.
Кимекпісің қорқақ атын ноқта ғып,
Қалсын десең еркек атың сақталып,
Есіңді жи, айнам менің, есіңді жи, қамықпа,
Ел мазағын көтеруден өлім ауыр болып па?
Илан маған, тіпті түк те қиындығы
жоқ мұның,
Батыл ұста қанжарыңды,
батыл ұста, шоқтығым!
Ездік мінез сынға түспей қойсын
қайдан байқала,
Қиындықсыз келген бақыт
кетер кезін айта ма?!
Бұл ерлігің болсын сенің ең алғашқы,
ең соңғы,
Кәне, менің, қимылымды қайтала».

Аррия ару Транзейге ойлы көзін ойната,
Жүзін гүлдей жайната,
Күле қарап тұрды дағы, қанжарын
Жүрегіне сұғып қалды бойлата…

Шулы, дулы пікір тастап артында,
Бір-біріне қол созысқан қалпында,
Біраздан соң екі бейне жатты үнсіз.
Кемітпеген тіпті қорқақ күйеуінің нарқын да
Ұлылық бар сол әйелдің даңқында…

Бірақ мақтау қажет те емес алтынға.
АЙТМАТОВ. Стендаль «Мына тіршілікте өз махаббатты үшін күрескен әйелдің беріктігінен ұлы не бар?» демеуші ме еді? Өзің айтқандай, алтынды мақтаудың қажеттігі бола қоймас…
…Махаббат ұғымы бір текті десек те, әркім оған өз түсінігі, өз көзқарасы арқылы миллион тарау жолмен келеді. Бірақ, адам баласы, негізінен, өшіп-жанба, ұсақ құмарлықтың барлығын махаббатпен шатыстырып, жиі қателесіп жатады. Керек десең, шындап сүйе білу – шексіз төзім мен сенім жібіне қатар байланған азапты шаруа. Және бұл сезімнің ұлылығы сол азаптан ләззат алуында жатқанын ұмытпауымыз керек.
Жан дүниесі бай, парасатты екі адамның миллиондаған халықтың арасынан бір-бірін жаңылыспай тауып, үйленуі сондықтан да аса сирек құбылыс. Ал, сүйгеніне адал болып қалу да – кез келген адамның қолынан келе бермес асыл қасиеттің бірі. Таза сүйіспеншілік сезімі тудырған небір ұлы қасиеттерді, көзсіз ерліктерді, жанкешті оқиғаларды жинақтап, күллі әлемдік деңгейде «Махаббат энциклопедиясын» құрастыруды ұсынар едім.
ШАХАНОВ. Адам баласы ылғи да ақылсыздығынан бақытсыз атанбайды. Егер ,жұбайлық өмірде ақылды адам бақытты болса, Сократ пен Лев Толстой бақытты болар еді…
АЙТМАТОВ. Бозбала шағымда оқысам да, есімде қалып қойған екі-үш оқиғаға назарынды аударайын. Ұлы ойшыл Иеремия Бентамның ғашықтық хикаясы мен тұрақтылығы – өз алдына басы бүтін жыр. Ол жас шағында бір көрікті бойжеткенге өлердей ғашық боп, сөз айтады. Өкінішке қарай, ол тілегі қарсылыққа жолығады. Уақытқа үстемдік жүре ме, Бентам да қартайып, ақыры сүр бойдақ қалпы алпысқа толады. Сонда да болса жас кездегі сүйіктісіне хат жолдап, өзінің оған деген сезімі суымағандығын білдіріпті. Кексе тартып қалған әйел тағы да оның ұсынған қолын кері қайырады.
Ұлы тұлғаның әлгі әйелге деген сүйіспеншілігі сондай, ол жайлы айтқанда, толқымай, тебіренбей, тіпті көзіне жас алмай сөйлемейді екен.
Бентам сексеннің сеңгіріне шыққан шағында ғашығына ақырғы рет сәлем жолдап: «Мен әлі тірімін, аяулым. Он алты жасымда өзіңе гүл сыйлаған сәтте қандай сезімде болсам, қазір де сол қалпым, көңілім еш суыған жоқ. Сені сүюмен өткен тағдырыма шексіз разымын, қош!» – депті.
Ағылшынның даңқты әскер басшысы, қызулы, мұңлы әрі тұрақты махаббат иесі герцог Валлингтон талай бозбаланың арманына айналған Катерина есімді сұлумен танысып, тәтті де тату күндерді бастан кешеді. Екі ғашық үйленуге сөз байласады. Бірақ, қыз әкесі дәулетті де өркөкірек Лонгфорд қос жүректің бұл шешіміне үзілді-кесілді қарсы шыққан. Артынша Валлингтон әскери қызмет бабымен Үндістанға сапар шегеді. Катерина сұлу болса ғашығын өмір бойы күтуге әзір екенін мәлімдеп қала береді.
Валлингтон араға тоғыз жыл салып қайтып оралғанда, күндіз есінен, түнде түсінен кетпей сағындырған Катеринасын, тіптен, танымай қалған. Шешек дертіне шалдыққан қыздың әдемі жүзі шұрық тесік, адам шошырлық еді. Катерина көз жасына тұншыға отырып, сүйген жігітіне рұқсат береді. Алайда Валлингтон өз уәдесінен таймай, ұлан-асыр той жасап, некелерін қидырған…
Меніңше, осы екі оқиғаға ешбір түсініктеменің керегі жоқ.
ШАХАНОВ. …Жер бетінде адам баласы алуан тілде сөйлегенімен, бір тілде қуанып, бір тілде қайғырып, бір тілде ғашығына махаббат сезімін білдіреді. Яғни, бұл салада барлық адамға тән бір бағыт, бағдар, мақсат бар деген сөз. Бәлкім, өмір сүру ерекшелігіне орай, сәл-пәл ауытқушылық кездеспей тұрмас. Ұмытпасам, Амазонка бойын мекендеген бір тайпада ғой деймін, адамдардың бір-біріне қарсы қарап отырып тамақ ішуі өте ұят іс боп саналады екен. Одан өзге не істесең де, ұят емес. Мүмкін, «сексуалдық революция» көсемдері өз идеясын сол тайпадан алған шығар, Қалай десек те, адам баласының өмірінен ұятты қуып шығуға талпынуы, әрі бұл індеттің көптеген елдерде айтарлықтай салтанат құруы – біздің ғасырдың ірі қателігі.
Қазір ғалымдар арасында екіұдай пікір бар. Олардың бір тобы жер бетінде аңызға айналған ұлы махаббат сезімдерінің дәурені келмеске кетті деп мұңайса, екінші тобы, жоқ, бұл – уақытша құбылыс, адамзат өзінің негізгі қуат көзі – махаббат арнасына қайта оралады деп сендіреді…
АЙТМАТОВ. «Достық жоғалған жерде – қоғам, махаббат жоғалған жерде ұрпақ азады», – депті Мұхаммед пайғамбар. Ұлағатты пікір!..

Соңымыздан өз кемелерін өмір-теңіздің асау толқындарына қарсы салып, мүлде жаңа, асау, қанатты ұрпақ келеді. Ылайымда бізге биік көрінген шыңдар оларға аласа болғай, тұманды, күмәнді, бұлыңғыр шақтарда біз соғылған жартастардан олардың кемесі аман өткей, біз жете алмаған арманға солар жеткей деп тілейік!

Енді бір сәт Эльмираның қолында сақталған Шікеңнің Бүбүсараға жолдаған екі хатына назар бұралық. Мен бұл хаттарды жазылған қалпында аудармасыз жариялағанды жөн деп таптым:
Букен асылтайым!
*Сүйүүгө айла жок экен – сенден бир барак жооп албасам да, мына: дагы өзүм жазып жатам. Ушуну ойлоп, кээде сенин сүйөм деп айткандарыңа ишенбей да кетем. Мейлиң, өзүң бил, бирок менин ушунум – ушул, сенден бир кадам да бура тартып кете албайм. Менин тагдырым ушул экен, мен ага абдан раазымын.
Родная моя, я жажду тот день, когда приеду к тебе, когда увижу тебя. Я очень много думаю о тебе, постоянно думаю и не устаю думать. Ты для меня словно что-то неисчерпаемое, бесконечное, как сама жизнь. Это первый признак того, что я буду любить тебя все время, во все века.
А какая женщина, которою можно любить без конца и никогда не пресыщаться, встречается редко и то только самым счастливым людям. Так вот я тот самый счастливец, которому суждено было встретить настоящую, редкую любовь. И поэтому я молю бога о твоем здоровье. Если ты будешь здорова, оптимистична, и если ты будешь любить меня, то ничего высшего для меня не существует. Только бы ты была здорова, потому что, кроме всего прочего, нам надо с тобой жить вместе еще лет 50-60. Вот тогда только я буду считать, что я прожил настоящую полнокровную жизнь.
Соблюдай режим, делай все для здоровья. Этим самым ты будешь делать и для моего и нашего общего счастья.
До скорой встречи, Букентай. Как всегда Ч.А.. как я соскучился об этом.
Родная, милая, бесценная моя.

(Жалғасы бар)

Пікіріңізді қалдырыңыз

Filed under Uncategorized

ҰЛТТЫҚ ПАТРИОТИЗМ

немесе
ҚАЗАҚПЫН ДЕГЕН ҚАНДАЙ БАҚЫТТЫ

Адамның екі нәрсеге құқы бар:
еркіндік пен өлім. Егер біріншісіне
қол жеткізе алмасам онда екіншісін
таңдаймын. Себебі мені ешкім
тірі өлік етіп ұстауға құқы жоқ.
Харриет Тубман

Қазақтың баласы берісі ел
басқаруды, арысы адамзатты,
әлемді басқаруды мақсат етуі тиіс.

Патриотизм мәселесін көтеруіме себеп болған, тәуелсіз ел болғалы бері әлі күнге дейін патриотизмнің мазмұны мен соны құндылықтары қалыптаспағандығынан туындап отыр. Жаңадан мемлекет құрып жатқан соң, оның халқының санасында да жаңа мемлекет құрып, бұрынғы идеяларды өшіріп, жаңасын жазу қажет еді.
Патриотизмді дамытудың басты шарты, отандастар бір жұдырық болып жұмылып, бірлік пен татулықты сақтау. Құм, кесек, су, топырақты кез келген бала қалаған формасына келтіре алады. Егер де осыларды цементпен араластырсаңыз бетонға айналады. Енді оны бала түгілі жігіттердің өзі қолымен бұзып, үгіте алмайды. Енді кішкентай ғана құм түйіршіктер мен топырақты, суды біріктіріп тұрған не нәрсе? Әрине, цемент. Осы тектес миллиондаған отандастарымызды бір-біріне байлап тұрған, бөлінбес бір Отан, ұлтқа біріктіріп тұрған патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік. Сол үшін ұлтымызды ұйыстырып, бірлігімізді сақтап тұрған патриотизм біз үшін өте маңызды, басты мәселе.
Бірақ патриотизм жасанды болмаған жағдайда ғана өз жемісін береді. Патриотизмнің объектісі, қайнар көзі Отан. Ал оның мазмұны табиғаты, оның байлықтары, жері, тарихы, тілі, т.б. Сондықтан біздегі патриотизмде ұлттық мазмұн болуы шарт. Мысалыға, елімізде өмір сүріп жатқан өзге диаспоралар Абылайхан, Бөгенбай, Қабанбайды, Ахмет, Әлихан, Мұстафаны Отанын қорғаған батырлар ретінде тануы және өз қаһармандары ретінде қабылдаулары керек. Себебі өзге диаспоралар өмір сүріп жатқан Отан үшін құрбан болғандар, олардың да батырлары болып қабылдануы қалыпты жағдай. Өйткені оларға Отан болған жер үшін, өмір сүрулеріне жасалған жағдай үшін құрбан болғандарға құрмет көрсетуі азаматтық парызы.
Патриотизмді халықтың табиғатына жақын, өмір сүру салтымен ұштастырғанда ғана ол сіңімді әрі әсері мол болады. Бұл Отанның иесі қазақ деген халық кеше ғана пайда болған жоқ, онымен санаспайтындай. Халқымыздың ғасырлардан бергі тарихы, қалыптасқан салт-санасы бар. Патриотизм сонымен үйлескенде ғана Қазақстан жетістікке жетеді. Елбасымыздың болашақты болжай алатын көреген саясаткер екендігін Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимніне «Намысын бермеген қазағым мықты ғой» деп өзгеріс енгізгенінен байқауға болады. Егер назар салсаңыздар мемлекеттік гимнде тек қазақ ұлты туралы ғана айтылып тұр. Себебі болашақта Қазақстанның азаматымын дегеннің бәрі қазақ деген ұлттың айналасына ұйысып, сіңісіп кететіндігіне көз жеткізді. Қазіргі күннің өзінде еліміздің кез-келген азаматын шет мемлекеттер қазақ деп таниды. Қазақ емес талай отандастарымыз шетелге барып, өздерінің қазақ азаматы екендіктеріне көздерін жеткізіп қайтып жатыр. Енді бұл процесті жеделдетудің төте жолы ұлттық патриотизмді дамыту. Егер ұлттық патриотизмді дамытар болсақ, еліміздегі өзге этникалық топтарды өзімізге сіңіру процесін жеделдетер едік. Түптің түбінде азаматтарымыздың бәрі қазақ азаматы болып, қазақ азаматы екенін мақтан тұтатындай болады.
Ал ұлттық табиғатымызға жат, ғасырлар бойғы салт-дәстүрлерімізге қарсы, жасанды патриотизмдер Қазақстанды ұшпаққа шығармайтыны екіні екіге қосқанда төрт деген заңдылықпен бірдей. Мысалыға, ұлттық табиғатымызға жат коммунистік патриотизмнің қандай жарға жыққанын тарихтан сабақ алғанымыз жөн болар. Кеңес кезіндегідей Отаны үшін ата-анасын сатып жіберетін жалған патриотизм емес, керісінше халқымыздың табиғатындағы «Отан – отбасыдан басталады» дегендей отбасыдағы бірлікті нығайту мен ата-анасын сүюден бастауымыз керек. Халықтың табиғатына жақын дегенде, ашық саясат ұстанбасақ та ұлттық патриотизм төңірегінде өрбіткеніміз абзал. Бұрынғы ата-бабаларымызға қазіргідей арнайы патриотизм саясаты жүргізілмесе де Отанды қорғауда жанын-тәнін аямай, патриотизмнің керемет үлгісін көрсеткен. Себеп біреу, табиғаттан, ұлттық тәрбиеден берілген табиғи, ұлттық патриотизм. Жасандылық жоқ. Басқа елдердің патриотизмін үлгі тұтқандарға айтарым, тарихымызды оқысын. Тарихымызда патриотизмге үлгі тұтар мысалдар өте көп. Мысалыға, жылқы үшін, яғни мал-мүлік үшін, әйел үшін соғыспаған ғұн бабаларымыз тек Отанын, жерін, атамекенін қорғау үшін ғана соғысқан. Бірде ғұндардың негізгі әскері батысқа қарай жылжып кеткен кезде, шағын әскерімен қалған ауылға тұтқиылдан қытайлар шабуыл жасайды. Сонда қытайлардың қоршауында қалған ғұндардың батыры Чжи-чжи ешқандай үміттің жоқтығына қарамастан: «Мойынсұнбаймыз да бас имейміз. Бас ию өткен тарихымызға, бабаларымызға сатқындық болады. Бас кетер, бірақ бас иілмеуі керек. Біздің даңқымыздан барлық жаудың дізесі дірілдеген. Біз өлсек өлейік, бірақ бабаларымыздың даңқын сақтап қалуымыз керек. Өздеріңіз білесіздер, соғыстағы әскердің тағдыры өлім. Біз өлгенмен біздің даңқымыз асқақтайды» деп әскерін қашуға емес, жанын сақтауға емес майданда өлуге шақырады. Осылайша күш мүлде тең емес жағдайда барлығы түгелдей ерлікпен қаза табады. Бірақ қытайлар бабаларымыздың осындай асқақ даңқынан осы күнге дейін Ғұндар десек бойында үрей пайда болатындығы шындық. Ата-бабамыздың патриоттық даңқы ешқашан өлмейді. Біз тек ата-бабамыздан қан арқылы беріліп келе жатқан патриоттық рухымызды қайта оятып, асқақтата алсақ болғаны. Шын мәнінде әлем патриотизмді бізден үйренуі керек деп ойлаймын.
Сондықтан ендігі маңызды мәселе патриотизмнің ұлттық сипатта жүргізілуінде жатыр. Кез-келген әлемдегі мемлекет ұлттық сипаттағы патриотизмді насихаттауда. Мұның себебін, жоғарыда айтқандағыдай, мемлекеттегі титулды ұлттың табиғатына, мәдениетіне, болмысына жақын табиғи патриотизмді таңдағанда ғана өміршең болмақ. Себебі, бұл тәсіл халықтың жүрегіне жақын, ақылға қонымды болып келеді. Оған мысал, қай елге барсаңызда шаңырақтың иесі қай ұлт екені көрініп, сезіліп тұрады. Мемлекеттік саясаттары сол ұлттың өкілі екенін мақтан тұтатындай сезім қалыптастыруға тырысуда. Мына бір сөз көп елдерде айтылып, жазылады: «Мен малай ұлтынан болғаныма мақтанам», «түрікпін деп айтқан адам қандай бақытты» осы мағыналас ұрансөздер көп елдерде саналарына сіңіріліп жатыр. Осы әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып, біз де «ҚАЗАҚПЫН ДЕГЕН ҚАНДАЙ БАҚЫТТЫ» деген ұрансөзді, оған қоса «Ұлы Қазақстан», «Ұлы қазақ елі» деген терминдерді бұқаралық ақпарат құралдарында көп қолданып, халықтың санасына сіңіру саясатын ұстанғанымыз абзал.
Ешқандай мемлекет те немесе тарихта ұлтқа қарсы саясат жүргізген билік те ұшпаққа жетпеген. Түптің түбінде ұлттық саясат алдымен санада жарылыс беріп, соңы қантөгіске ұласқан. Табиғаттың заңына қарсы жүргізілген жұмыстар әрдайым жаңылыс тауып, табиғаттың заңымен жазаланып отырған. Сондықтан Қазақстан тарих бойы қазаққа мекен, Отан болып, мәдениет, ұлт қалыптастырғаны үшін ағысқа қарсы жүзбей мемлекеттік саясатты қазақтың ұлттық саясатымен, яғни ұлттық патриотизммен ұштастыруға мәжбүрміз. Бұдан басқа жол мемлекетімізді адастыратыны хақ. Дамуға ұмтылған елдердің бәрі де ұлттық патриотизмді дамыту арқылы ғана жетістікке жеткен. Ұлттық патриотизмсіз ешқандай ел жетістікке жете алмайды. Өйткені патриотизм – мемлекеттің велосипеді болса, педалі титулды, жетекші ұлт. Педалін басып тұрмасақ мемлекет/велосипед құлап қалуы мүмкін. Сондықтан патриотизм дегенде өз тамырынан, тарихынан бастау алған патриотизмді айтуымыз керек.
Екінші бір жағынан алып қарағанда патриотизм біздің діни парызымыз болып табылады. Ислам дінінде дінді қорғаумен қатар Отанды да қызғыштай қорғау міндеттеледі. Сонымен қатар «Отанды сүю – иманнан» деп хадисте бекер айтылмаса керек. Дініміздің шарты бойынша осы құндылықтарды қорғау жолында қаза болғандар шейіт саналады. Ал шейіттердің ақиретте есепсіз жәннатқа баратыны белгілі. Қасиетті Құранда бұл жөнінде: «Шейіттерді өлдіге санамаңдар. Олар тірі, Аллаһ біледі, сендер білмейсіңдер» («Бақара», 154-аят) делінген. Сондықтан Отанды қорғау жолында, ұлтымыздың жарқын болашағы үшін басын бәйгеге тіккендер екі дүниеде де ардақталады.
Мың өліп мың тірілген қазақ халқы осы бір Отан үшін не көрмеді, не істемеді. Елін, жерін қорғау үшін кескілескен соғыстар жүргізді, одан кейінгі ұрпақ қорлық пен зорлықтың сан түрін көріп, «елім, Отаным» дегені үшін атылып, түрмеге қамалып, қуғын көрді. Тәуелсіздікті көру бір арман болып, ішқұсамен өмірден өткендері қаншама. Осының барлығы не үшін еді? Әрине Отан үшін. Сонша ғасырлар бойғы ата-бабамыздың арманы болған Отанды қорғай алмасақ сүйегімізге қара таңба болмай ма? Соншама тағдырларды жұтқан, құрбан еткен тәуелсіздікті, Отанды қорғау – Абылайхан, Кенесарыдан бастап, Әлихан, Ахмет, Мұстафа, Смағұлдар бастаған тұлғаларымыздың алдындағы, қазақ халқының алдындағы перзенттік парызымыз. Қазақ халқының Отан қорғау мәселесіндегі ерекше асқақтықпен, мақтанышпен айтуға тұратыны, көп елдер тәуелсіздігімізді қорғадық деген желеумен өзге елдің жеріне басып кірсе немесе өзге ұлттың құқын таптаса, өзге елдің жеріне сұқтанбаған әлемдегі санаулы ұлттың бірі осы қазақ халқы. Қазақ, қазақ болғалы бері тарихта ешқандай елдің жеріне басып кірмепті. Елбасымыз айтқандай «біздің тарихымызда ұялатындай ешнәрсе жоқ». Тек ұстанған саясатымыз, мақсат-мұратымыз тәуелсіздігімізді, еркіндігімізді қорғау ғана болды. Тәуелсіздігімізге, Отанымызға көз алартқандарға айтарым жеріміздің құшағы кең бәріңізге де жеріміздің астынан орын табылады дегім келеді.
Осыларды ескере келе және нәтижелі болу үшін, сергек, сезімтал, тез қабылдағыш жастарымыздың санасына ұлттық патриотизмді сіңірген жағдайда тезарада жемісін берері сөзсіз. Оған дәлел, елімізде патриоттық саясаттың орнына түрлі саяси, діни ағымдардың жүргізген саясаты нәтижесінде жастарымыз сол идеологияның құлы болып шыға келуі. Қазақ жастарының әрдайым алған бағыты, тәрбиесі бойынша тас жарып шығатын қабілеті бар. Мысалыға, жастарымызды діни бір ағымда тәрбиелесек сол діннің басшыларын жолда қалдырып, өздерін оқытып жібереді. Сондықтан жастарымызға дұрыс бағыт-бағдар беріп отыруымыз керек. Қазіргі таңда жастарымыздың санасын түрлі «аурулар» жаулап алған кезде оған қарсы қанымызда бар жалғыз патриоттық иммунитет арқылы ғана төтеп беру мүмкіндігіміз қалды. Ол үшін патриоттық иммунитетімізді күшейтуіміз қажет. Сонда ғана Отанын, ұлтын сүйіп тұрған жастарға ешқандай сыртқы күштер, идеологиялар әсер ете алмайды.
Қазақтың патриотизмі қанында, генінде бар. Тек соны қайта жаңғыртып, сілкіндіру керек. Қазақ ешқашан бір үйде құл болып қызмет етпеген. Қазақ дегеннің өзі еркін, тәуелсіз деген мағына береді. Сондықтан тәуелсіздік, еркіндік ұғымдары қазақ сөзімен егіз, мағыналас. Бұл елдің атауы тарихта да Қазақ еді. Бүгін де Қазақ және болашақта да Қазақ болып қала бермек. Сондықтан бұрыннан қазақ болып келгендер үшін тарихқа, ата-бабаларыңа қиянат, сатқындық жасамай, Қазақ болып туған соң Қазақ болып өлу керек. Түбінде бір өлеміз. Бірақ қалай, қай жерде өлетінімізді білмейміз. Ақыры өлетін болған соң ар-намыстың, Отанның жолында өлген әлдеқайда даңқты, асқақ, абыройлы. Ал егер басқа бір мақсатта жан берсеңіз сіздің өмірде болып болмағандығың белгісіз болып қалады. Сондықтан Отан дегенде бәріміз оны қорғауға және сол жолда өлуге ұмтылуымыз керек. Дүниедегі ең қымбат, ең тәтті жан болса, сол жан Жер-ана үшін, Отан үшін беріліп жатса, онда Жер-ана, Отан жаннан да қымбат деген сөз. Отан жанымыз бен тәнімізден де, бәрінен де жоғары тұрған асыл дүниеміз. Бәрімізге сол жаннан да қымбат Отан үшін абыройлы, асқақ өлім бұйырсын деп тілеймін.

ҰСЫНЫСТАР:
1. Қоғамдық көліктерді пайдалану тәртібіне мынадай өзгерістер енгізу: көліктің артқы есігінен мініп алдыңғы есігінен шығу. Себебі халық мініп жатқан кезде барлық кондукторлар болсын, халықтың өздері де әрдайым «алға қарай», «алға жылжыңыздар», «алға» деген сөздер айтылады. Ал бізде керісінше «артқа қарай» деген сөз көп қолданылады және санада теріс әсер қалдырады. (Бұл шараны бір-екі қалада сынақ жасаудан бастауға болады);
2. Бұрындары жау қарсы бетте тұратын. Отанды кімнен қорғайтыныңды, кіммен соғысарыңды білетінсің. Қазір жаулар «Троя аты» сияқты ішке еніп, іштен ірітіп жатыр. Рухани-мәдени, ақпараттық соғыс бастап жіберді. Мұндай соғыстан Отанымызды қорғаудың бір жолы және жаудың жанды жері – ақша (қаржы) арқылы қарсы тұру. Ол қалай? Алдымен оларға ешқандай қаржымызды бермеу. Мысалыға, шетелдік тауардың барлық түріне бойкот жариялау, сатып алмау. Оның орнына отандық тауарды сатып алу. Тауар дегенімде, рухани-мәдени (газет, журнал, кітап, интернет қызметтерін, т.б.) тауарларын, қызметтің барлық түрлерін (әуе қызметтері, демалыс қызметтері, т.б.), дәрі-дәрмек, ас-тағамдары, т.б. заттарын, қызметтерін барлығын сатып алмау. Оның орнына өзіміз қызмет түрін ашып, отандық қызмет-тауарға қолдау көрсету. Осыны ауқымды, кең көлемде насихаттау;
3. Ұрпаққа білім бергенде ұлтына, тіліне қарамастан білімнің қай саласы болмасын міндетті түрде мемлекеттік тілді үйрету, Отанына, Қазақстанға сүйіспеншілігін арттыру және оны қорғауда бір жұдырық болатындай бірлігін арттыру; Отан үшін құрбан болғандарды еске алу кештеріне өзге диаспора жастарын көптеп тарту қажет. Жастарға тарихи тұлғаларды сіңіру;
4. Адамның табиғаты кез-келген жаста ақпаратты қабылдап, сол ақпарат бойынша әрекет етуге бейім екендігін ғылым дәлелдеген. Былайша айтқанда кәрі адамдардың да миын жуып жіберуге болады деген сөз. Сондықтан ұлттық патриотизмді насихаттау үшін 25-кадрды пайдалануымыз уақыт күттірмейді. Ақыры қазір бәрі кітап оқығаннан көріністі (кино, клип, мультфильм, бейнероликтер, т.б.) тамашалауға құштар ғой. Осы мүмкіндікті тиімді пайдалану керек. Ол үшін 25-кадр арқылы патриоттық материалдардың әдістемесін жасауымыз қажет;
5. Әскер, билікті ғана қорғайтын құрал емес халықты, мемлекетті қорғайтын күштік құрылым ретінде насихаттау. Әрбір әскерге деген халықтың сүйіспеншілігін ояту. Барлық жерде халық әскерге құрмет көрсетіп, әскер болған үлкен мақтаныш деңгейіне жеткізу;
6. Отанды қорғау жолындағы даңқты жеңістерімізді, батырларымызды әспеттеп, жастарға үлгі етіп, санасына сіңіру. Одан қалды қазіргі таңдағы Отан үшін жасалған барлық ерліктерді ұлықтап отыру. Мысалыға 9-мамыр – Жеңіс күнін алып тастау. Орнына, қазақтың ұлт болғалы бергі алғашқы жеңіс күнін Жеңістер күні деп атау керек. Себеп, тарихымыз жеңістен кенде емес. Сол жеңістерімізді бір-біріне алаламай бәрін бір күнде тойлау. Бұл халқымыздың рухын асқақтату үшін керек. Одан кейін Жеңістер күнінде қазіргідей тірілерді марапаттап, оларға үй беруден емес, Отан қорғау жолында қайтыс болғандарға құрмет көрсетіп, отбасыларына көмектесуден бастау керек. Сонда Отан жолында жан беруге даяр адамдар артына қарамай, алаңдамай Отан қорғар еді;
7. Жалдамалы әскерге жол бермеу. Отанды қорғағаның үшін ақы сұрау, ақылы қызмет ету патриотизмді жоюдың бір түрі. Бұл ата-анаңды, отбасыңды қорғағаның үшін ақы сұрағанмен бірдей. Халықты бір араға бірлестіріп, бір дене етіп тұрған патриотизмді жою деген халықтың бірлігін жою деген. Мемлекеттерді әлсірету үшін әлем халықтарын байлықтың құлы етіп, адам бойындағы ашкөздік жыртқыштық сезімдерін күшейтіп жіберді. Отанымызды қорғайды деген жастарымыз қазір машина мінгеніне, қыдырғанына, ішіп-жегеніне мәз, байлықтарын жарыстырудан қолдары босамайды, осындайдан бас көтере алмай жүр. Оларға айтарым тәуелсіздік, Отан дүниенің байлығына да сатыла алмайды. Сатылмайды. Сатылмайтын ұғымдар. Қандай бай болсаңыз да тәуелсіздігіңіз, отаныңыз болмаса адам ретінде саналмайсыз. Жеке өмірмен салыстырмалы түрде алып қарар болсақ, байлығын, жылы-жұмсағын беріп сені құл етіп ұстаса, қызы сені басқарса ондай байлықтан садақа кетсін. Біз олай еркіндіксіз, тәуелсіздіксіз өмір сүре алмайтын ұлт екенімізді естен шығармаңыздар. Қу құлқынға, тамаққа бола, тәннің рахатына бола, адамнан да жоғары тұрған рухани, ұлттық дүниелерді айырбастасақ қаңғыған ит құрлы болмағанымыз ба, қаңғырған ит те қарнын тойдырады ғой. Ал біз адам емеспіз бе? Енді келіп әскерлердің отансүйгіштігін сатып алмақшы. Отан қорғайды деген соңғы үмітіміз әскерлер енді жалдамалы болатын болса, онда соңғы діңгек құлады деген сөз. Жалдамалы әскерлер тарихтан бері бір пайда келтірмеген. Оған Франциядағы жалдамалы әскерлердің соғыспай қашып кеткені дәлел. Қысқасы әскер мәселесімен ойнаған билікке ешқашан опа бермеген. Отан қорғауды былай түсінген абзал, мемлекет әкеміз болса, жер анамыз. Ал ұлт осы ата-анадан туылған бала. Бала өз ата-анасын қалай қорғайтын болса, ұлт та Отанын солай қорғауы шарт. Көп елдерде Отан қорғауды борышым деп біледі. Егер де Отан қорғауға алмай қойса «құқымды бұзды» деп өз еркімен Отан қорғау ісіне кірісіп кетеді. Ал біздегі жағдай Отан қорғау міндетті құқы болса да әскерден қашу үдерісі қалыптасты. Біз жастарды Отан қорғауды құқы деп емес өтелмес парызы, міндеті деп үйреткеніміз дұрыс. Өтелмес парызы тұрмақ жан-тәнін Отан үшін құрбан етуге дайын тұратындай болуы керек.
8. Халыққа тәуелсіздік, Отан ұғымдарын түсіндіретін, насихаттайтын материалдарды көптеп шығару, тарату. Әлемдегі отарлаушылардың көпшілігі отар халқына тәуелсіздік туралы көп ақпарат беруге қарсы. Себебі, санасы оянып кеткен халық шын тәуелсіздікке ұмтылады деп қорыққан. Билік көбіне халыққа формальді, тәуелсіздіктің сыртқы формасын ғана түсіндіреді. Сыртқы күштер халықты құл етіп ұстауға бейім әрі мұқтаж. Бір ғана мысал келтірейін, көп елдерде түрмелерге еркіндікті насихаттайтын ақпараттар, материалдар кіргізуге қатаң тыйым салған. Себебін өздеріңізде түсінген боларсыздар. Ал біз бір елдің отары немесе құлы емеспіз ғой. Сондықтан халықтың санасын оятатын, патриотизмге баулитын ақпарат, материалдарды тарату;
9. Патриот, отан қорғаушы жастар тәрбилегенде Отанды тек қарумен ғана емес ақылмен де қорғау жағын насихаттауымыз керек. Ол үшін дарынды, талантты жастарды патриотизмге баулып, мемлекеттік қолдауға алу; Отан қорғау жолында соғысқан, қайтыс болғандармен қатар мемлекеттің дамуы үшін көп пайдалы еңбек еткен азаматтарды да ардақтап, қолдап отыру. Өйткені қазіргі заман Отанды қорғау қарумен ғана емес ақылмен қорғау жүзеге асатын болды.

Фазылбек Әбсаттарұлы
Астана қ.

1 пікір

Filed under Uncategorized

НАУРЫЗ ҚАНДАЙ МЕРЕКЕ?

Соңғы уақыттары Наурыз мерекесін түсіне алмағандықтан, түрлі сенімдегілердің табиғатқа жат пікірлерінен мерекені тойлау форматына қатысты даулар көбейіп кетті. Өйткені мерекені өткізу халықтың көңілінен шықпай жатыр. Себеп, Continue reading

1 пікір

Filed under Uncategorized

«Тектілердің сүйегі үзілмейді»

- Алдымен Смағұл Сәдуақасұлының мәйіт күлін елге әкелу туралы халық арасында «сүйекті қозғап несі бар» деген сияқты түсінбеушіліктер кең тарап кетті. Осы арасын (күлі жерленбегендігін, ешқандай сүйек жоқ екендігін, ешнәрсе жерден қазып алынбағандығын) нақты түсіндіріп өтсеңіз?

- Қазақта ғалым аз емес. Бірақ отаншыл, елшіл ғалымдар аздау. Сол аз ғалымның бірегейі академик Рахманқұл Бердібай: «Біз – тарихы жазылмай келген халықпыз» деген еді 90-жылдардың басында. Әрине, тарихы жазылмаған соң, оны тану да кешеуілдейді. Тәуелсіздіктен кейін жақында жазылған көптомдық тарихтың ХХ ғасырдың 20-жылдарына қатысты бөлігін оқып шықтым. Шынымды айтайын, көңілім тола қоймады. Continue reading

1 пікір

Filed under Uncategorized

АРЫСТАРЫМЫЗДЫ АРДАҚТАУДЫ ЖАТЖҰРТТАН ҮЙРЕНЕМІЗ БЕ?

немесе
М.Шоқайға екі жылдан бері берілуі
тиіс мектеп атауы неге берілмей келеді

Мұстафа Шоқайға Қазақстан емес шет мемлекеттердің көрсетіп жатқан құрметтеріне ендігі кезде құлақ та үйреніп қалды. Бір өкініштісі шетелдіктердің көрсетіп жатқан құрметтеріне халық болып қуана алмай, жеке дара мемлекет ретінде алғысымызды айта алмай келе жатқандығымыз. Тіпті Ресей тарапы 2008 жылы Санкт–Петербор қаласының мәдениеті, ғылымы және өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін «Петербор тұлғасы» атты медалімен М.Шоқайды марапаттағанын енді ғана біліп отырмыз. Онда да интернет болмаса білмес едік. Өткен жылы арысымыздың құрметіне Париж қаласынан саябақ ашылып, мүсіні қойылғанда да елеусіз қалдырдық. Франциядағы Мұстафа Шоқай атындағы француз-қазақ қоғамы болса ескерткішін салып, кино түсіреміз деп бел шешіп отыр. Қысқасы, бәрін жіпке тізер болсақ ұзап кетеді. Бір сөзбен айтқанда М.Шоқайға Еуропа елдері жүрген-тұрған жерлерінің бәріне ескерткіш-тақта орнатып, өз тілдерінде кітаптарын шығарып, еске алу шаралары, конференциялар өткізіп барлық құрметтерін көрсетуде аянбауда. Біле білгенге қазақтың ешбір тұлғасы Еуропада мұндай құрмет көрмеді. Еуропада тұңғыш рет қазақтың тұлғасына мүсін орнатылуының өзі неге тұрады. Continue reading

Пікіріңізді қалдырыңыз

Filed under САЯСАТ, Uncategorized

ШЕКСІЗ ТОНАУ ӘДІЛЕТСІЗДІГІ – шектен шыққан мұнай ұрлығы

Осы күнге дейін еліміздің байлығын әділетті бөлу жөнінде азаматтарымыз тынбай мәселе көтеріп келді. Нәтижесінде мәселе шешілмеді. Енді халқымыз бұл мәселені басқа жолмен шешуге тырысып жатқанға ұқсайды. Мына ресми дерек көп нәрсені аңғартса керек. 2006 жылы 44 мұнай ұрлығы, 2007 жылы – 74, 2008 жылы – 132, ал 2009 жылы – 148 ұрлық орын алған екен. 2010 жылдың қыркүйегіне дейін бір қаржы полициясы 167 мұнай ұрлау қылмысын әшкерелеген. Әрине бұл фактілер тек магистральді мұнай құбырларын тесіп мұнай ұрлағандары ғана. Ал мұнай өндіріп жатқан жерден ұрлау және өздері заңсыз мұнай қазып ұрлау фактілерінің санын білмейміз. Оған қоса ресми деректің өмірдегі дерекпен сәйкесе бермейтіні тағы бар. Қалай болғанда да мұнай ұрлығының жыл санап күрт өсіп келе жатқаны ақиқат. Continue reading

Пікіріңізді қалдырыңыз

Filed under Uncategorized